Солтанаева Еркингуль Молотовна 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында аға оқытушылық қызметінде жұмыс істеп келеді. Ол 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетіне түсіп, 2001 жылы филолог, әдеби қызметкер мамандығын алып шыққан. 2001-2003 жылдарда осы оқу орнының филология факультетінің магистратура бөлімін үздік дипломмен аяқтап, филология магистрі академиялық дәрежесін алды. 2009 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы Д 53.34.01 диссертациялық кеңесінде «ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстары» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Б.Б.Мамыраев. Е.Солтанаева 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің қазақ филологиясы кафедрасының, қазақ-орыс тілдерінің кәсіби ауызша аударма кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарған. Е.М.Солтанаева 50 ғылыми мақала және «ХІХ ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы» (2009), «Әдеби компаративистика» (2015) атты оқу құралының және «Қ.Ысқақов шығармаларының поэтикасы» атты монографияның авторы. Е.М.Солтанаева ҚР Ғылым және Білім Министрлігі және «Viki Bilim» қоғамдық қоры бірігіп жасаған сандық білім беру қорының авторы. Авторлық құқық № 0012588. Е.М.Солтанаева ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің тапсырысымен «iМЕКТЕП» қоғамдық қоры орындаған мектеп оқушыларына арналған білім берушілік мақсаттағы қырыққа тарта мультфильм сценарийінің авторы. Авторлық құқық № ИС 0009049.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2001

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.11.2009
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0